×
517.45
598.59
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.45
598.59
6.58

Тергеу аяқталды: Перизат Қайрат пен анасының ісі прокуратураға жолданды

Бүгін, 17:27
Тергеу аяқталды: Перизат Қайрат пен анасының ісі прокуратураға жолданды
Ulysmedia.kz коллажы

Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісі бойынша іс материалдарымен танысу аяқталды, іс прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.

ЗАЛАЛ

Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.

Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін бас прокуратураға берілді.

Серіктес жаңалықтары