×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Путин Қазақстан мен Ресейді байланыстырған факторлар туралы айтты

Бүгін, 09:19
Путин Қазақстан мен Ресейді байланыстырған факторлар туралы айтты
kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты ерекше деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Путиннің айтуынша, Қазақстан мен Ресей – көптеген фактор біріктіретін одақтастар.

– Қазақстанмен қарым-қатынасымыз ерекше. Бұл – айқын нәрсе, мұны бәрі жақсы түсінеді. Бұл сөздің тура мағынасындағы одақтастық қатынас. Ортақ тарихымыз, бір мемлекет құрамында өмір сүрген кезең, адамдар арасындағы жеке және гуманитарлық байланыстар – мұның бәрі аса маңызды, – деді ол Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында ірі халықаралық ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуде (Kazinform).

ОДАҚТАС ЕЛ

Оның айтуынша, қазіргі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық жоқ.

– Ресей мен Қазақстан арасындағы құрлық шекарасы – әлемдегі ең ұзын шекара. Бұл да маңызды фактор. Осы тұрғыда да біз өзара қарым-қатынасты дамытуға ниеттіміз. Тағы да атап өткім келеді: Қазақстан – бізге ең жақын мемлекеттердің бірі. Бұл – біздің одақтасымыз. Қарым-қатынасты дамытуда ешқандай кедергілерді көріп тұрған жоқпын, – деді Путин.

Серіктес жаңалықтары