×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Әрінов құтқарушылар қанша жалақы алып жүргенін айтты

Әрінов құтқарушылар қанша жалақы алып жүргенін айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқарушылардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАЛАҚЫ

Әріновтің сөзінше, құтқарушылардың жалақысы жүйелі түрде көтеріліп жатыр. 

- Қазіргі таңда сержанттар алғаш келгенде 180 мың теңге алады. Бірте бірте көтеріледі. Одан бөлек, тұрғын үй төлемдері төленеді. Ол отбасының әр мүшесіне 92 мың теңгеден саналады. Бұл 180 мың теңге жалақыдан бөлек берілетін төлем, дейді Әрінов. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін министр ендігі жылы құтқарушылардың жалақысы тек 10 пайызға көтерілетінін айтқан болатын. 2025 жылы жалақы төлеудің жаңа жүйесі іске аса бастаған. Сол бойынша бөлімшелердегі қосалқы қызметкерлердің жалақысы көтерілген.

Министр ендігі жылдан бастап орта есеппен жалақылары кемінде алты жыл жұмыс істеген өртсөндіруші 250 мың теңге алады деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары