×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Абай Бегейдің қызы заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін ұсталды - БАҚ

Бүгін, 12:00
Абай Бегейдің қызы заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін ұсталды - БАҚ
Фото: Instagram

Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлова заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМА

Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын ресми хабарлады. 

- Ақтау қаласында ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.  Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған, делінген хабарламада. 

ТЕРГЕУ

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ЕРКЕ НИЯЗҚҰЛОВА

Бірнеше БАҚ ұсталған ерлі-зайыпты әнші Абай Бегейдің қызы мен күйеубаласы екенін жазды.

ҚМА жариялаған видеодан бұл расында Ерке Ниязқұловаға қатысты іс болуы мүмкін. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова заңсыз ұтыс ойындарын өткізіп, былтыр ол лотерея ұйымдастырғаны үшін салық органдарына 1 миллион теңгеден аса айыппұл төлеген болатын

Серіктес жаңалықтары