Жанармай құю станциясы (ЖҚС) дәстүрлі түрде отын, касса, шлагбаум секілді техникалық нысан ретінде қабылданады. Алайда бұл түсінік біртіндеп өзгеріп келеді. Қазіргі заманғы ЖҚС – бұл қызмет көрсету торабына, адамның күнделікті өмірі мен тіпті демалыс бөлігіне айналып келе жатқан көпфункционалды кеңістік. Клиент енді тек қажетті қызметті ғана алып қоймай, сонымен қатар, қосымша өнімдер мен мүмкіндіктерге де қол жеткізеді. Экожүйелік тәсіл сервис деңгейін арттырып, экономикалық тиімділікті өсіреді.
Сервис – жаңа тренд
ЖҚС енді табысты тек бензинмен ғана таппайды – олар клиент санын тауарлар, кофе, серіктестік қызметтер арқылы капиталға айналдырады. Жаңа буындағы ЖҚС желілері күнделікті экономиканың тораптарына айналып отыр. Олар жұмыс орындарын құрып, жергілікті шағын және орта бизнесті ынталандырып, табыс көлемін ұлғайтады, бұл өз кезегінде салық түсімінің артуына алып келеді.
Мұндай түбегейлі жаңа тәсілдің мысалы ретінде бір бизнес құрылымына кіретін, бірақ тұжырымдамасы жағынан әртүрлі екі ЖҚС желісін айтуға болады. Бұл – Qazaq Oil және Gas Energy. Екі желінің де түпкі иесі – кәсіпкер Тимур Құлыбаев.
Qazaq Oil – экожүйелік үлгі
ЖҚС базасындағы сервис экожүйесінің алғашқы үлгісі – Qazaq Oil бренді болды. 2020 жылы бұрын «ҚазМұнайГазға» тиесілі ЖҚС желісі жеке компания – PetroRetail басқаруына өтті. Келісім сомасы $163 млн болды – бұл бөлшек мұнай саудасындағы соңғы жылдардағы ең ірі жекешелендіру. Жаңа иесі атауын, визуалды келбетін ауыстырды. Бірақ бұл тек бастамасы еді.
- Станциялар адам өзін жайлы сезінетін орын болуы керек. Тек маңдайшаны өзгерту жеткіліксіз. Маңыздысы – жан, ал ол әр қызметкерден басталуы тиіс, – дейді Qazaq Oil бас директоры Түлеміс Шотанов.
Qazaq Oil инфрақұрылымды жаңартуға 39 млрд теңге инвестиция салды: жол жабындысын ауыстырудан бастап, нысандардың сырт келбетін жаңарту, дауыс аналитикасын енгізу, автоматтандырылған жанармай құю және цифрлық бонус жүйесіне дейін.
Нәтижелер:
ШОБ-ты тарту
Qazaq Oil-дың экожүйелік тәсілі жергілікті бизнесті де қамтиды. DODO бағдарламасы (Dealer Owned – Dealer Operated) арқылы 143 ЖҚС жеке кәсіпкерлерге басқаруға берілді – Денисовка ауылынан бастап Семей қаласына дейін. Әрбір бекет – 10–20 жұмыс орны, жергілікті сатып алулар, жергілікті мердігерлер.
Tulpar бренді аясында компания өзінің өнімдерін дамытып жатыр: мотор майы, энергетикалық сусын, ауыз су – бұл вертикалды интеграция мен клиенттік ағынды кеңейтудің қадамы.
Gas Energy – премиум-формат
Qazaq Oil – ауқымды экожүйе мен әлеуметтік миссия үлгісі болса, Gas Energy – премиум сервиске, технология мен сапалы инфрақұрылымға негізделген нишалық формат. Бұл жеке ЖҚС желісі қазіргі уақытта Алматы, Шымкент, Қарағанды, Астана және Оралда жұмыс істейді. Gas Energy көпшілікке емес, сапалы клиенттік тәжірибеге мән береді.
Шымкенттегі 5000 м² кешен мысалында:
Цифрлық мүмкіндіктер:
Бұл шешімдер трасса бойында және қалааралық жолдарда өте маңызды, себебі мұнда жылдамдық, жайлылық және сенімділік шешуші рөл атқарады. Сондықтан Gas Energy Алматыдан Қызылордаға, Астанадан Өскеменге дейінгі бағыттарда логистикалық тірекке айналып отыр.
Салықтағы өсім
Qazaq Oil салықтық түсім бойынша:
Бұл – жергілікті және ұлттық бюджеттерге тікелей үлес. Gas Energy ашық есеп бермесе де, жоғары стандарттар мен бақылаудың арқасында тұрақты түсім беріп отыр.
Ақша мен жұмыс орындары
Qazaq Oil-дың әрбір DODO бекеті – 10–20 жұмыс орны. Жалпы компанияда 5000 қызметкер, ал франшиза арқылы соңғы 3 жылда тағы 400+ адам жұмысқа орналасты.
Gas Energy – сапаға негізделген формат, бірақ мұнда да жұмыс тек отынмен шектелмейді: маркет, кафе, көлік жуу, автомеханика – барлығы да қосымша жұмыс орындары.
Екі желі де жергілікті кәсіпкерлерді тартуда:
Тұрақты табыстың басты көрсеткіші – non-oil үлесі:
Qazaq Oil бойынша – 40%, әрі қарай өсіп келеді. Бұл – мұнай бағасының құбылуынан қорғаныс әрі клиент тұрақтылығының негізі.
2019 жылы Qazaq Oil 419 млн теңге салық төлесе, 2023 жылы бұл сома 13,6 млрд теңгеге жеткен.
Жаңа буындағы жанармай құю станциялары – қалаларда, трассаларда және ауылдарда шағын нарықтардың локомотиві болып отыр. Олардың мультипликативтік әсері тек литрлермен емес, жұмыс орындары, салықтар және кәсіпкерлік тарихтармен өлшенеді. Бұл – сенім мен жұмыспен қамтудың инфрақұрылымы.