×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Экс-судья Жолмановаға үкім шықты

Бүгін, 17:16
Экс-судья Жолмановаға үкім шықты
Ұлысмедиа коллажы

Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты экс-судья Светлана Жолмановаға үкім шығарды — ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу нұсқасы бойынша, Жолманова азаматтарды алдап, жылжымайтын мүлік сатып алуға және жалған тендер жобаларына қатысуға көмектесемін деп уәде беріп, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны иемденген.

Онымен бірге айыпталушылар қатарында Данияр Құшалиев те бар. Тергеу дерегінше, олар қылмысты алдын ала келісіп, бірлесіп жасаған. Іс бойынша 48 эпизод тіркеліп, ондаған жәбірленуші сотқа шағымданған. Жолманова оларды өзінің судья ретіндегі байланысы мен беделін алға тарта отырып, ақша беруге көндірген.

ІСТІҢ ТАРИХЫ

2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген.

Ол бұл ақшаны ипотека рәсімдеу үшін жинағанын айтқан. Келесі жылы Жоламанова қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ 2023 жылдың 12 мамырында ол ресми түрде жұмыстан шығарылды. Енді міне, іс қайта жанданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары