×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз – министрлер не дейді

Бүгін, 17:45
Өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз – министрлер не дейді
Ұлысмедиа коллажы

Сенаттағы отырысынан кейін бес министрден Ulysmedia.kz тілшісі өз жұмысын қалай бағалайтынын сұрады.

Ulysmedia.kz тілшілері бүгін Сенат отырысынан кейін бірқатар министрден өз жұмысына бес балдық шкала бойынша баға беруін сұрады. Алайда шенеуніктердің барлығы дерлік бұл сұрақтан жалтарып, олардың еңбегін халық пен басшылық бағалауы тиіс екенін айтты.

Светлана Жақыпова, tңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Мен өз жұмысымды өзім бағалай алмаймын. Халық пен президент бағалайды. Ал өзімнің күш-жігерімді аямай жұмысты жасап жатырмын!

Аида Балаева, мәдениет және ақпарат министрі:

Өз жұмысымды өзім бағалау дұрыс болмас. Өйткені біз күндіз-түні жанталасып жұмыс істеп жатырмыз, бар күш-жігерімізді салып, салалардың дамуына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Нәтижесін өздеріңіз де бере аласыздар.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Өз-өзіне баға беру – шүбәлі дүние. Мұны Президент, Мемлекет басшысының Әкімшілігі, Үкімет, ең алдымен студенттер мен академиялық қауымдастық бағалауы керек".

Нұржан Нұржігітов, су ресурстары және ирригация министрі:

Біздің жұмысымызды үкімет бағалайды.

Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрі:

Біздің қазақта өз-өзіне баға қоймайды, білесіз ғой, ел бағалауы керек, – деп қысқа қайырды.

ОЛАР ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАШАН КІРІСТІ

Светлана Жақыпова министр қызметіне 2024 жылдың ақпанында тағайындалды.

Аида Балаева 2023 жылдың қыркүйегінен бері министр.

Саясат Нұрбек 2022 жылдың маусымынан бастап министр қызметін атқарып келеді.

Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалды.

Ғани Бейсембаев 2023 жылдың қаңтарында қызметке кірісті.

Серіктес жаңалықтары