×
519.55
596.03
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.55
596.03
6.63

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жүктемені азайту үшін тағы бір өткізу бекеті ашылды

Бүгін, 16:05
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жүктемені азайту үшін тағы бір өткізу бекеті ашылды
фото: РИА Новости/Табылды Қадырбек

Бүгін, 20 маусым күні «Ақ-Жол автожол» фитосанитарлық бақылау бекеті қайта іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылы 20 маусымнан бастап Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан «Ақ-Жол» фитосанитарлық бақылау бекеті қайта жұмысын бастайды. Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл шешім шекарадағы өзге өткізу бекеттеріндегі жүктемені азайтып, бақылау сапасын жақсартады әрі карантиндік объектілердің таралу қаупін төмендетеді.

Қосымша бекеттің ашылуы – ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бақылаудың тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті қолдау, жүктерді уақытылы рәсімдеу және кешігуді болдырмау үшін қажетті қадам. Бұл – жаһандану мен көлік ағынының артуы жағдайында карантиндік объектілердің кіріп кету және таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін туристік компанияның директоры Нұрлан Мұқаш шекарадан өту уақыты 1,5–2 сағатқа дейін созылатынын айтып, бұл жайт шетелдік қонақтарда жағымсыз әсер қалдыратынын жеткізген. Оның айтуынша, Тәжікстан мен Қазақстанды қамтитын аралас турларды ұйымдастыру кезінде де, әсіресе шекарадан ұзақ уақыт өтуге байланысты қиындықтар туындайды,

Серіктес жаңалықтары