Қарағандылық кәсіпкерге қоршаған ортаны ластағаны үшін 7 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады.
Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып есептеледі (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.
– Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды", – деп хабарлады Бас прокуратура.
Ал құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады.
Іс барлық үш сатыдан өтіп, тек Жоғарғы сот қана түпкілікті нүкте қойды – кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да әкім мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланған еді.