×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Геосаяси дағдарыс: АЭХА шұғыл отырыс өткізбек

Бүгін, 16:16
Геосаяси дағдарыс: АЭХА шұғыл отырыс өткізбек
AP Photo

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларына байланысты Басқарушылар кеңесінің шұғыл отырысын өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы агенттік басшысы Рафаэль Гросси айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Отырыс дүйсенбі күні өтеді. АҚШ-тың Фордо, Исфахан және Натанздағы ядролық кешендерге жасаған авиациялық соққылары себеп болғаны нақтыланып отыр. Вашингтон бұл нысандар толық жойылды деп мәлімдеді. Ал Тегеран әзірiе зардаптарға қатысты пікір білдірген жоқ.

АЭХА-ның ресми мәлімдемесінде агенттік ядролық нысандардан тыс жерлерде радиациялық фонның жоғарылауын тіркемегенін атап өткен.

— Ирандағы үш ядролық нысанға жасалған шабуылдан кейін агенттік қазіргі уақытта бұл нысандардың сыртында радиациялық деңгейдің артуы байқалмағанын растайды, — делінген ұйымның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жазбада.

Тегеран мен Тель-Авив арасындағы шиеленістің күшейген тұста агенттік пен оның басшысы Рафаэль Гросси иран билігінің сынына ұшырады.

Иран тарапы АЭХА-ның “қарама-қайшы мәлімдемелері” Израильдің әскери кампаниясын бастауына түрткі болуы мүмкін екенін алға тартты.

Серіктес жаңалықтары