×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Астана маңындағы ұшақ апаты: тергеу басталды

Бүгін, 17:50
Астана маңындағы ұшақ апаты: тергеу басталды
ашық дереккөзден

Көлік полициясы департаменті Астана маңында екі адамның өмірін қиған жеңіл моторлы ұшақ апатына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Көлік полициясы департаменті Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлаған кезде ұшқыш пен жолаушының қаза тапқанын нақтылады.

–  Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 2025 жылғы 22 маусымда шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Сол кезде бортта екі экипаж мүшесі болғаны, олардың қаза тапқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары