×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Scat Анталья мен Шарм-эль-Шейх ұшатындарға маңызды ескерту жасады

Бүгін, 08:30
Scat Анталья мен Шарм-эль-Шейх ұшатындарға маңызды ескерту жасады
Ашық дереккөзден

Әуе компаниясының бірнеше әуе кемесі құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ

Scat әуе компаниясы таратқан хабарламада, бірқатар қалада әуе компаниясының әуе кемелері құстармен соқтығысу салдарынан зақым алғаны жазылған. Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады, тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді. Соған қарамастан, компания рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру үшін бар күшін салғанына сендіреді. Жедел түрде резервтік әуе кемелері жіберілді, сондай-ақ жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.

Анталья – Астана және Актөбе – Анталья бағыттарында келесі өзгерістер орын алды:

  1. Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған.
  2. Ақтөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетіліп жатыр.

Әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда келесі бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін

  • Алматы – Шарм-эль-Шейх
  • Алматы – Анталья
  • Анталья – Алматы

Сондай-ақ, халықаралық жағдайға және жекелеген әуе кеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған Астана – Доха рейсі тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары