Президенттік тест өткізу ережелерінен Нұрсұлтан Назарбаевтың аты алынып тасталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы 21 қарашада бекітілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерін өткізу қағидалары» енді «Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығы бойынша президенттік тестілерді өткізу қағидалары» деп аталады.
Бұл – ереженің атауынан Назарбаевқа қатысты бөлім толықтай алынғанын білдіреді. Сонымен қатар, құжатқа тағы бірнеше өзгеріс енгізілген. Жаңартылған бұйрық 16 маусымнан бастап күшіне енді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін рақымшылық туралы заң жобасы талқыланған мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса не себепті әлі күнге дейін заңдарда "Елбасы – Тұңғыш Президент деген атау әлі жүр?" деп мәселе көтерген болатын.
Бұл сұраққа депутат Абзал Құспан жауап берді. Ол бұл мәселеден толық хабардар екенін айтты.