×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

БҚО-ға құлаған дрондар: тергеу жұмыстары Ресеймен бірге жүргізіліп жатыр

Бүгін, 15:30
БҚО-ға құлаған дрондар: тергеу жұмыстары Ресеймен бірге жүргізіліп жатыр
uralskweek.kz

Қазақстан аумағына бірнеше айдан бері дронға ұқсас нысандар құлап жатқаны белгілі. Бұл қайдан келген ұшқышсыз ұшу аппараттары екенін журналистер бүгін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өткен аптада дронға ұқсас құрылғы Маңғыстау өңірінен де табылған еді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров табылған барлық дрондарға байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

Бұл фактілерді тексеріп жатырмыз. Тергеу жұмыстары Ресей тарапымен де, басқа да тараптармен бірлесе жүргізілуде. Ақпарат алмасып отырмыз, – деді ол.

Смадияров интернетте тараған «Қазақстан аумағынан Ресейге дрондар ұшырылып жатыр» деген ақпаратты да жоққа шығарды. Оның айтуынша, тергеу нәтижесін күтіп, асығыс қорытынды жасамау керек.

КОНТЕКСТ

Ақпан айынан бері Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан мен Ресей шекарасының маңында төрт дрон құлаған.

Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров бұл бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлап, жағдайға түсініктеме берген. Ал қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев та тұрғындарды алаңдамауға шақырған.

Серіктес жаңалықтары