Бұл жөнінде премьер-министр Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында атап өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЕКТЕНОВ НЕ ДЕЙДІ
Қазір иппотерапияны «Неврология және нейрохирургия» (балаларға арналған) бейіні бойынша емдеудің екінші кезеңінде медициналық оңалтудың клиникалық хаттамасына енгізу мәселесі қарастырылуда, – делінген жауапта.
ТҰЛПАР КҮНІ
Депутаттар жылқының құрметіне арнайы Тұлпар күнін бекітуді ұсынған. Бектенов жауабында маусым айының екінші жексенбісі кәсіби мереке Малшылар күні ретінде белгіленгенін хабарлайды. Аталған мереке жылқы шаруашылығы саласының мамандарын қоса алғанда, мал шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін қамтиды. Биыл осы мереке аясында саланың шамамен 200 қызметкері, оның ішінде жылқы шаруашылығының 30 маманы марапатталған. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының шешіміне сәйкес 11 шілде күні ұйымға мүше мемлекеттерде Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі. “Осыған байланысты «Тұлпар күні» арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталады” дейді Бектенов.