×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Израиль Иранмен арада атысты тоқтатуға келісті

Бүгін, 12:30
Израиль Иранмен арада атысты тоқтатуға келісті
Фото: Reuters

Израиль Иранмен арада атыстың тоқтағанын растады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңесшісі Дмитрий Гендельман Израиль Иранға қарсы әскери операцияда мақсатына жетті деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Тель-Авив АҚШ президенті Дональд Трамппен келісе отырып, атысты тоқтату туралы шешімге келген.

– Операцияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге байланысты және gрезидент Трамппен толық келісе отырып, Израиль оның атысты екі жақты тоқтату туралы бастамасын қабылдады. Израиль бейбіт келісім шарттарын бұзылған жағдайда оған қатысты батыл шешім қабылдайды, - делінген хабарламада

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трмап Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келгенін айтқан.

13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарын атқылауды бастаған. 22 маусымда оған Вашингтон қосылған. АҚШ Иранның үш бірдей ядролық нысанын бункерге қарсы бомбалармен атқылаған. Шабуылдан кейін Дональд Трамп «Иранның негізгі ядролық нысандары талқандалды» деген. Бірақ Тегеран оны жоққа шығарған. Иран билігі АҚШ-тың шабуылын растағанымен, «ядролық нысандар толықтай қираған жоқ» деген.

Серіктес жаңалықтары