×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Қазақстандықтардың 70%-дан астамы соғыстан қорқады – зерттеу

Бүгін, 13:11
Қазақстандықтардың 70%-дан астамы соғыстан қорқады – зерттеу
tatarstan.ru

Қазақстан азаматтарының қорқыныштары мен алаңдаушылық деңгейін сарапшылар зерттеп, негізгі үрей тудыратын факторларды анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

Респонденттердің пікірінше, еліміздегі ең үлкен қауіп – экономикалық дағдарыс. Бұл фактордан 86,1% азамат қорқады. Екінші орында – пандемиялар мен эпидемиялар (82,9%), ал үштікті жұмыссыздық пен халықтың кедейленуі (82,5%) түйіндейді.

Қоғамдық тұрақтылыққа тікелей әсер ететін жаппай наразылықтар, тәртіпсіздіктер, терактілер мен этносаралық қақтығыстар рейтингтің соңғы жағында қалғаны назар аударарлық.

15 ЖЫЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Зерттеу көрсеткендей, 2010 жылдан бері жаппай эпидемиялардан қорқу деңгейі едәуір артқан – 58%-дан 83%-ға дейін өскен.

Сол секілді, соғыс қаупі де халықтың алаңдаушылығын күшейткен: бұл көрсеткіш 47%-дан 72%-ға дейін көтерілген. Мұны геосаяси шиеленістің артуымен байланыстыруға болады.

Сондай-ақ әлеуметтік тұрақсыздыққа (анархия, биліксіздік) қатысты қорқыныш та өскен – 45%-дан 67%-ға дейін.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ

Ең жоғары деңгейдегі алаңдаушылықты 45–64 жас аралығындағы азаматтар білдірген. Олар әсіресе жұмыссыздық (89,6%), экономикалық дағдарыс (89%) және эпидемиялардан (86,1%) қатты қауіптенеді.

24 жасқа дейінгі жастар барлық санаттар бойынша төмендеу үрейді көрсеткен. Мысалы, көлік және өндірістік апаттардан жастардың 63,6%-ы ғана қорқады, ал 55–64 жас аралығындағы топта бұл көрсеткіш — 80,4%.

65 жастан асқан азаматтарда қорқыныш деңгейі орта жастағылардан төмен, бірақ жастардан жоғары. Бұл жағдай олардың ақпараттық мазмұнға бейімделуімен немесе эмоциялық сезімталдығының төмендеуімен түсіндіріледі.

Экология, сыбайлас жемқорлық пен қылмыс мәселелері бойынша барлық жастағы топтарда алаңдаушылық тұрақты жоғары – 70%-дан жоғары. Бұл көрсеткіштерде айтарлықтай айырмашылық байқалмайды.

Серіктес жаңалықтары