×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Қазақстанда доллар күрт арзандады

Бүгін, 15:57
Қазақстанда доллар күрт арзандады
Ulysmedia коллажы

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы төмендегені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 519,26 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,84 теңгеге төмен.

Қазір ақша айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 520 теңгеге сатып алып, 524 теңгеге сатып жатыр.

Қазақстан экономикасы доллар бағамы мен мұнай бағасына көбірек тәуелді. Бірі қымбаттаса, отандық өндірісі аз елге шеттен келетін тауарлардың бәрінің бағасы өсіп шыға келеді. Мұның бәрі жалпы қымбатшылыққа әсер етіп, кедейлікті күшейте түспек. Ал мұнай қымбаттаса, оның ұлттық экономикаға оң әсері мол. Бюджет қампайып, үкімет әлеуметтік міндеттемелерді орындап, Ұлттық қорға да молырақ ақша түседі. Дәл қазір байқалып тұрған екі фактор қаншалықты ұзақ мерзімді сипатқа ие? Қазақстан экономикасына ықтимал сценарийлер алда тағы қалай әсер етпек? Ulysmedia бұл мәселенің мәнісін отандық экономистерден сұрап көрді.

Серіктес жаңалықтары