×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

"Іс жайдан-жай қозғалмайды" - Көшербаев "Барыстың" экс-басшылығының ұсталуы туралы

Бүгін, 18:05
"Іс жайдан-жай қозғалмайды" - Көшербаев "Барыстың" экс-басшылығының ұсталуы туралы
Фото: Pexels.com

Вице-премьер Ермек Көшербаев хоккейден «Барыс» клубының бұрынғы басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты пікір білдіріп, бұл жайлы тек ашық дереккөздерден ғана хабардар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӨШЕРБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Көшербаевтың айтуынша, бұл мәселені құқық қорғау органдары зерттеп, нақты шешім қабылдайды.

– Бұл істі құқық қорғау органдары анықтайды. Мен не айтып түсіндірмекпін? Мен де сіздер сияқты (яғни ашық дереккөздерден) сол ақпаратты ғана оқыдым. Әрі қарай нәтижесін күтеміз. Ең бастысы – әрдайым кінәсіздік презумпциясы бар екенін ұмытпауымыз керек. Әр азаматтың өзін қорғауға құқығы бар. Не болатынын бірге көрерміз. Қылмыстық іс жайдан-жай қозғала салмайды, демек белгілі бір себептері болған. Барлық жағдай жан-жақты зерттелетін болады, – деді Көшербаев.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін хоккейден «Барыс» клубының бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары