×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Қазақ магистрі АҚШ-та беделді марапатқа ие болды

Бүгін, 08:30
Қазақ магистрі АҚШ-та беделді марапатқа ие болды

Меруерт Бижанова — Pennsylvania (UPenn) университетінің 284 жылдық тарихында Плющ лигасы атынан жоғары халықаралық марапат алған тұңғыш қазақ атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Меруерт білімін әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі — Пенсильвания университетінде жалғастырып, «Білім беру саласындағы көшбасшылық» бағдарламасы бойынша магистратураны тәмамдады. 2025 жылы оқуын аяқтаған соң, ол халықаралық студенттерге арналған ең жоғары марапат — Penn Global Student Citizenship Award жүлдесінің иегері атанды. Бұл марапат алғаш рет қазақстандық студентке табысталды.

АҚШ-тағы оқу кезеңінде Меруерт теңдік пен инклюзия бағытындағы ғылыми жобаларға белсенді қатысып, Жаһандық саясат орталығында тәжірибеден өтті. Кампус ішіндегі қоғамдық жұмыстарға атсалысты. Оған қоса, ол Студенттік үкіметтің президенті болып сайланды — бұл қызметті, әдетте, америкалық студенттер атқарады.

UPenn-нің ресми сайты оның үлесін ерекше атап өтті:

«Меруерт академиялық және қоғамдық өмірде Қазақстанды лайықты әрі мақтанышпен танытып жүр», — делінген хабарламада.

Меруерттің жетістіктері мұнымен шектелмейді. 2025 жылы сәуірде ол Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің докторантура бағдарламасына шақырту алып, қазан айында білім беру саласы бойынша PhD бағдарламасын бастайды. Осылайша, ол Орталық Азиядан шығып, Қазақстаннан Ұлыбританияға дейінгі академиялық жолды Плющ лигасы арқылы еңсерген санаулы жандардың біріне айналмақ.

Серіктес жаңалықтары