×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

АҚШ барлау қызметі Иранның ядролық бағдарламасы толықтай күйрегенін растамады

Бүгін, 10:24
АҚШ барлау қызметі Иранның ядролық бағдарламасы толықтай күйрегенін растамады
Фото: MAXAR TECHNOLOGIES/AFP

АҚШ барлау қызметі Иранның ядролық бағдарламасы күйрегенін растамады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

24 маусымда СNN телеарнасы мен The New York Times газеті Пентагондағы дереккөздеріне сілтеп, АҚШ соққысынан Иранның ядролық бағдарламасы толықтай күйремеді деп жазды. Барлау қызметі АҚШ әуе күштері соққы жасаған Фордо, Натанз, Исфахан нысандарына шабуыл Иранның ядролық бағдарламасын дамытуды тек бірнеше айға кері шегіндірген. Байытылған уран соққыға дейін басқа жаққа көшірілген болуы мүмкін. Ал уранды байытуға арналған центрифугаларға зақым келмеген.

CNN телеарнасы АҚШ шабуылынан тек жер бетіндегі нысандар ғана қираған. Ал жер астындағы ядролық нысандар айтарлықтай бүлінбеген дейді. Ал The New York Times газетінің жазуынша, Иранның осындай қиын жағдайларға арналған құпия өзге де уран байыту нысандары бар.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі халықаралық атом энергиясы агенттігі өкілдеріне сілтеп, АҚШ атқылаған Исфахан ядролық нысанында үш реактордың үшеуі де бүлінбегенін жазған. Бірақ нысанның өзге ғимараттары толықтай қираған. Bloomberg дереккөзі АҚШ әдейі осылай соққы жасаған деп топшылаған. Бірақ оның мақсатын түсіндірмеген.

ТРАМП БАҚ-ПЕН КЕЛІСПЕЙДІ

АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ жазғанымен келіспейді. Ол «әскери операция сәтті өтті. Оған күмән келтіргендер бомбаны барып тастаған ұшқыштардан кешірім сұрасын» деді. Ирандағы ядролық нысандардың қирамай аман қалғаны туралы айтқан бұқаралық ақпарат құралдарын «қоқыс», «жолы болмағандар» деді.

ИЗРАИЛЬ-ИРАН ҚАҚТЫҒЫСЫ

13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарын атқылауды бастаған. 22 маусымда оған Вашингтон қосылған. АҚШ Иранның үш бірдей ядролық нысанын бункерге қарсы бомбалармен атқылаған. Шабуылдан кейін Дональд Трамп «Иранның негізгі ядролық нысандары талқандалды» деген. Бірақ Тегеран оны жоққа шығарған. Иран билігі АҚШ-тың шабуылын растағанымен, «ядролық нысандар толықтай қираған жоқ» деген.

24 маусымда Иран да, Израиль де атысты тоқтатқанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары