×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Азаматтар бір-біріне бұрын жіберген мобильді аударымдарды тексергелі жатыр ма

Бүгін, 12:03
Азаматтар бір-біріне бұрын жіберген мобильді аударымдарды тексергелі жатыр ма
Ұлысмедиа коллажы

Күні кеше БАҚ-тардың бірінде «азаматтар бір-біріне бұрын жіберген мобильді аударымдар тексерілгелі жатыр екен» деген ақпарат шыққан. Бұл жаңалық қазір емін-еркін бір-біріне ақша аударатын азаматтарды алаңдатып қойды. Неліктен бұлай болып жатқанын Ulysmedia.kz тілшісі вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қойды.

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ

Серік Жұманғарин «мұндайды естіген жоқпын» деп жауап берді. Сұрақты нақтылағанда өзі білетін мәліметті айтты.

«Үш айда 1 млн теңгеден асса, онда жеке аударым емес, бизнес жасау үшін жасалған аударым белгілері бар деп есептеледі. Сонда салық комитеті оны тексереді», - дейді ол.

Ulysmedia.kz тілшісі «1 млн теңге деген соншалықты көп сома емес, адамдар бір-біріне оны үш ай ішінде аударып қоюы мүмкін. Соған қарағанда кәсіпкер емес азаматтар сол санатқа кіріп кетуі мүмкін емес пе?» деп сұраған.

«Үш айдың ішінде қатарынан жіберілсе... Ол көп уақыт. Бүгін және бір айдан кейін, содан соң бес айдан кейін жіберсең ол есептелмейді», - деп қысқа түйді Жұманғарин.

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «мұндай сұраққа оныншы рет жауап беріп тұрғанын» айтады.

«Отбасының бір адамдары бір-біріне аударуы мүмкін. Бұл кәсіптік аударымға жатпайды. Туысқаныңызға, жолдасыңызға ма – аударымдар соған байланысты болады. Егер кәсіпкер ретінде сауда орнында тұрып, карточка немесе кюармен емес, аударыммен алсаңыз, заңнаманы бұзған болып саналады. Егер жеке тұлға ешқандай заң бұзбаса қобалжымауы керек», - дейді ол.

Біржановтың сөзінше, бір кісі анасына мәселен, 1,2 млн теңгені бір уақытта аудара салса да, ештеңе болмайды. Әртүрлі адамдардан ақша түссе ғана қадағауға алынады.

«Жыл сайын қаңтар айында екінші деңгейлі банктерден мәліметтерді аламыз. Қазір де мобильді аударымдардың мониторингін алып отырмыз. Бүгінгі таңда үшінші талапты қарастыратын норма (сома бойынша) бүгінгі заңнаманы қабылдаған соң ғана күшіне енуі керек. 60 күннен кейін күшіне енеді. Тиісінше, нормативті құжатты қабылдаймыз», - деген Біржанов бақылау жұмысы қыркүйекте күшіне енетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары