×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұздай қаруланған: Риддер тұрғынынан қару-жарақтың тұтас арсеналы тәркіленді

23.09.2021, 10:12
Мұздай қаруланған: Риддер тұрғынынан қару-жарақтың тұтас арсеналы тәркіленді
Фото: ШҚО Полиция департаменті

ШҚО полициясы 1 қыркүйектен бастап өткізіліп жатқан «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан атыс қаруын алу бойынша іс-шараларды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жолы Риддер қаласының 46 жастағы тұрғынының үйінен келіп түскен ақпаратты тексеру кезінде мынадай қару-жарақ түрлері тәркіленген:

  1. дыбыс тұншықтырғышы бар 9 мм калибрлі қолдан жасалған жауынгерлік тапанша;
  2. «Макаров» тапаншасынан 9 мм калибрлі 23 патроны;
  3. 7,62 мм калибрлі Калашников автоматы және 72 патрон ;
  4. «ППШ» атысты имитациялайтын автомат;
  5. «ТТ» маркалы атысты имитациялайтын тапанша;
  6. атысты имитациялайтын «Тирэкс» маркалы тапанша-пулемет;
  7. Ф-1 оқу гранатасы, сондай-ақ пневматикалық қарудың екі бірлігі.

Жауынгерлік қарумен қатар, ер адамнан алынған атысты имитациялайтын қару-жарақ атыс қаруы ретінде қайта жасалып, заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі атап өтілді. Қазір тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.