×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Қазақстан Қытайға сыйлаған киіктерді қалай жеткізбек

Қазақстан Қытайға сыйлаған киіктерді қалай жеткізбек
Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Қытайға не үшін 1500 киік беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КИІКТЕРДІ ҚЫТАЙҒА ҚАЛАЙ ЖІБЕРЕДІ

Министрдің сөзінше, киіктерді Қытайға жіберудің мақсаты – жануарларды тарихи орнына қайтару.  

- Бұл сұрақ бәрімізді қинап отыр. Оның өзінің тәсілдері көп. Мысалы Natgeo-да жануарларды бір жерден екінші жерге тарихи орнына көшіруге қатысты жобалар көрсетіледі. Әрине, ірі жабайы малдардың әрбіреуін арнайы контейнермен көшіреді. Мысалы бегемот немесе арыстан. Бұл (киік) ұсақ жабайы мал болғандықтан оны ғалымдармен бірігіп осы мәселені талқылап жатырмыз. Нақты ұсыныс жоқ. Оны айдап алып кете алмаймыз. Оны қалай да болғанда көлікпен алып кетеміз. Ал көлікпен денсаулығына зақым келмей, барғанша аман баруын қарастырып жатырмыз. Белгілі тәсілдер бар. Мысалы біреуіне укол салады. Ол белсенділігін төмендету үшін қажет, дейді министр. 

Нысанбаев киіктерді көшірудің тағы бір тәсілі туралы айтты. 

- Басқа да тәсілдер бар. Қозыларын жібереді. Мысалы қозыларды адамға үйретіп барып жіберуі мүмкін. Бұл жабайы аң болған соң қатты үркиді. Мысалы киіктерге ғалымдар GPS ілерде оларға тез іліп үлгермесе киіктің жүрегі жарылып кетеді. Себебі ол жабайы жануар, қорқып кетеді, дейді министр. 

НЕГЕ ҚЫТАЙҒА КИІК БЕРЕМІЗ

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, Қытай – ертеде киік популяциясы болған елдердің бірі. 

- Естеріңізге сала кетейін өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін киіктің дүниежүзілік популяциясы бар жерлер Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Моңғолия жән Қытай болатын. Қытайдың батыс автономиясы, Шыңжаң. 70-жылдардың ортасында киік құрып кеткен. Оған себеп - адам санының көбейіп, жануарлардың тарихи жүретін жерлерін жаулап ала бастауы. Бүгінде дүниежүзілік популяцияның болашақтағы жағдайын тұрақтау үшін бізге әр мемлекет киік популяциясын қайтадан жаңғыртқаны дұрыс. Себебі бізде ғана бар деп отыруға болмайды. Популяцияны қамтамасыз ету үшін киік тарихи жүрген жерлерінде қайтадан пайда болуы керек. Сондықтан бұл бірінші үлкен жоба, дейді Нысанбаев. 

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

Еске салайық, 17 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1,5 мың бас киік сыйға тартты. Себебі Қытай киік популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. 

Серіктес жаңалықтары