Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткен күдіктінің ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Тергеу аяқталды, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Осыдан кейін іс прокуратураға, кейін сотқа жолданады. Қазіргі уақытта жәбірленуші Берденовтің ісі бойынша іс сотқа әлі түспеді, деп түсіндірді сот өкілдері.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Еске салайық, оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.
Ulysmedia.kz редакциясының қолына 21 сәуірдегі ресми анықтама түскен болатын.
Ал 28 мамырда Берденовті атқан күдіктінің жұбайы мәлімдеме жасады.