×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Қазақстанда зейнеткерлерге несие беруге тыйым салу ұсынылды

Бүгін, 17:01
Қазақстанда зейнеткерлерге несие беруге тыйым салу ұсынылды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда зейнеткерлерге несие беруге тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков зейнетақы мен жәрдемақыларды азаматтардың төлем қабілеттілігін есептегенде ескермеу қажет деп санайды. Оның айтуынша, сот орындаушылары қазіргі кезде зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушылардың табысының 100 пайызын өндіріп алуға дейін барады. Егер бұл ұсыныс қабылданса, зейнетақы мен жәрдемақы табыс көзі ретінде есептелмей, оларға несие беруге шектеу қойылады.

ҰСЫНЫСТАР

Стамбеков мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Әділет министрлігіне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған сауалында мынадай ұсыныстарды айтты:

  • Әлеуметтік осал топтар үшін (СОТ) банкроттық рәсімін 12 айлық мерзімді күтпестен жеңілдетілген жолмен қолдану;
  • Зейнетақы мен жәрдемақыны төлем қабілеттілігін анықтау кезінде табыс ретінде есептеуге тыйым салу;
  • Несие берешегін өтеу үшін зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерден мәжбүрлеп өндіруге заң жүзінде нақты тыйым енгізу.

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАР

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 3,2 миллионнан астам адам әлеуметтік осал топтарға жатады. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар бар.

- Олардың көпшілігі үшін жалғыз табыс көзі – зейнетақы немесе жәрдемақы. Бұл қаражат өмір сүруге арналған, ал несие өтеуге емес, – деді Стамбеков.

МЫСАЛДАР 

Ол Алматыда туабітті ІІ топтағы мүгедек Жанторе Ходжабергеновтің зейнетақысынан «Сейф-Ломбардтың» пайдасына 15 млн теңге өндірілгенін айтты. Оның айтуынша, жекеменшік сот орындаушысы зейнетақыдан 100% ұстау жүргізген, азаматтың күнкөрісіне ештеңе қалдырмаған.

Сондай-ақ, ол 72 жастағы зейнеткер Ирина Скрипникованың жағдайын мысалға келтірді. Ол алаяқтардың құрбаны болып, жалғыз табыс көзі – зейнетақысы негізінде «Хоум Кредит Банктен» тұтынушылық несие алған.

Стамбековтың пікірінше, қаржы нарығын реттеуші органдар тарапынан азаматтарды қорғауға бағытталған шараларға қарамастан, елде әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды жаңа қарыз құрсауына түсіретін теріс тәжірибе жалғасып жатыр.

- Біз соңғы көлігі мен пәтерін кепілге қойып, жалғыз табыс көзі – зейнетақысы ескеріліп, кейін сол зейнетақыдан өндірілетін жүйені тоқтатуымыз керек, – деді ол.

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫС

Осыған байланысты депутат Қаржы нарығын реттеу агенттігін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін және Әділет министрлігін:

  • СОТ санатындағы азаматтардың қарыз жүктемесіне терең талдау жасауға,
  • Ходжабергенов пен Скрипникованың мысалындағы жағдайларға талдау жүргізуге,
  • Зейнетақы мен жәрдемақы секілді жалғыз табыс көзін жүйелі қаржылық қорғау тетіктерін әзірлеуге шақырды.
Серіктес жаңалықтары