×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

Украина үшін соғысқысы келген Қазақстан азаматы Ресейде 12 жылға сотталды

Бүгін, 16:19
Украина үшін соғысқысы келген Қазақстан азаматы Ресейде 12 жылға сотталды
Тұран Устюгов

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы оңтүстік округтік әскери соты 19 жастағы Қазақстан азаматы Тұран Устюговты террористік ұйымға қатысу және террористік әрекетке дайындықтан өту бабы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырды. «Азаттық Азия» басылымына мұны оның анасы Эльмира Жанабаева хабарлаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ол ештеңе істеген жоқ, тек ниеті үшін ғана жазалпнды, — деді Эльмира Жанабаева.

Оның айтуынша, ұлы Тұран Устюгов Украинаға қолдау білдіретін көзқарастарын бірнеше рет ашық айтқан. 2024 жылдың 27 қыркүйегінде, яғни 19 жасқа толуына екі апта қалғанда, ол үйінен қашып кеткен. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) анасына сол күні оның Қырғызстанмен шекарадан өткенін хабарлаған. Бірақ кейін ол қайда бағыт алғаны белгісіз болып қалған. Бес күннен кейін Тұран Устюгов аннексияланған Қырымда ұсталған.

Тергеу тарапынан Тұран Устюгов Украина жағында соғысқа қатысуды көздеген және Қырым арқылы сол жаққа өтуді жоспарлаған деген болжам айтылған. Оның телефонынан Ресейде террористік ұйым ретінде танылған Украина Қарулы күштерінің бөлімшелеріне — «Орыс еріктілер корпусы» мен «Азов» полкына толтырылған анкеталар табылғаны хабарланды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұған дейін мәлімдеме жасап, «жауапты дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен, адвокатпен, анасы және туыстарымен байланыста» екенін хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары