×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Чипсіге дейін неге Қазақстанда шығарылмайды – тілшілер Нағаспаевқа сұрақ қойды

Бүгін, 10:42
Чипсіге дейін неге Қазақстанда шығарылмайды – тілшілер Нағаспаевқа сұрақ қойды
фото: яндекс

Өнеркәсіп және құрылыс министрі елге ірі инвесторлар қажет екеніне сенімді. Олардың қатарында чипсі өндірушілер де бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Чипс өндірісін жергілікті деңгейде жолға қою жоспарына қатысты Ерсайын Нағаспаев пікір білдірді. Оның айтуынша, елге салық төлеп, жұмыс орындарын ашатын ірі инвесторлар қажет.

Бұл неге керек екенін ауыл шаруашылығы министрлігінен сұраңыздар. Ал мен үшін инвестор тарту мен Қазақстанда белгілі бір құзыреттерді дамыту – өте маңызды. Егер ірі инвесторлар осында келіп, өз тәжірибесін бөліссе, бұл үлкен басымдық. Олар салықты осында төлейді, жұмыс күші де өзіміздікі болады. Мен бұл мәселеге осы тұрғыдан қараймын, – деді Нағаспаев.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін қоғам белсендісі Санжар Бокаев үкіметтің чипсы өндірісін жергіліктендіру жоспарын мазақ еткен болатын. Елде чипс өндірісіне арналған арнайы картоп сорттарын өсіру жоспарланғаны айтылған еді. Алайда өндірісті толықтай жергіліктендіру тек 2035 жылға қарай жүзеге аспақ. Бұл мақсатқа шамамен 160 миллион доллар жұмсалатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары