×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Ресейге баратын қазақстандықтардан тағы бір құжат талап етілуі мүмкін

Бүгін, 13:10
Ресейге баратын қазақстандықтардан тағы бір құжат талап етілуі мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Мәскеуде мигранттарға қатысты жаңа бастама көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сардана Авксентьева денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың атына мигранттарға Ресейге кірген кезде ерікті медициналық сақтандыру полисін рәсімдеуді міндеттеу туралы ұсыныс жолдады.

– Ресей Федерациясына кіретін барлық шетел азаматтары үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін рәсімдеу қажеттілігін бекіту орынды деп санаймын. Бұл мемлекеттік клиникаларға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға, шығынды жұмыс берушілер мен мигранттардың өздері арасында әділетті бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шетел азаматтарының медициналық көмекке өз есебінен қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ерікті медициналық сақтандыру полисі Ресей Федерациясында заңды негізде болудың шарттарының бірі болмақ, – делінген депутаттың хатында.

СТАТИСТИКА

Құжатта келтірілген деректерге сәйкес, жыл сайын Ресейдің медицина мекемелеріне 5 миллионнан астам шетелдік пен азаматтығы жоқ адам жүгінеді. Олардың көпшілігі Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Армениядан келген.

ЕРЕЖЕ

2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейде визасыз режиммен жүретін шетел азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға қатысты жаңа кіру ережелері күшіне енеді. 

Серіктес жаңалықтары