Алматы көлік холдингі төрт автобустың: №32, 92, 99 және 119 бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды UIysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Мұның себебі — Желтоқсан көшесінің Бөгенбай батыр мен Жібек Жолы көшелері арасындағы бөлігін жабу. Бұл көшеде бүгін сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
ӨЗГЕРГЕН БАҒЫТТАР
Қала әкімдігі жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді қаперде ұстауды және қолданбалар мен көлік қызметінің ресми ресурстарынан өзекті ақпаратты тексеруді ескертті.