×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Тоқаев шетелдік дәрігерлермен кездесіп, министрге тапсырма берді

Бүгін, 14:30
Тоқаев шетелдік дәрігерлермен кездесіп, министрге тапсырма берді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды UIysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президенттің айтуынша, мұндай форумның Қазақстанда өтуі отандық нейрохирургия жетістіктерінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Конгресс нейрохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып, озық тәжірибе мен технология алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.

– Ұлт саулығы – кез келген елдің қарқынды дамуының негізі. Сондықтан денсаулық сақтау ісін жан-жақты өркендету мемлекеттік саясатымыздың негізгі басымдығы саналады. Қазақстан медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға, маман даярлауға, үдерістерді цифрландыруға және аталған салаға инновациялық әзірлемелерді енгізуге мол қаржы бөледі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нейрохирургияда жасанды интеллектіні қолдануға айрықша мән беретініне назар аударды. Сол арқылы медицинаның жоғары технологиялы салаларын белсенді дамытуды қолға алғанын жеткізді. Оның айтуынша, цифрлы және роботты технологиялардың арқасында отандық нейрохирургия саласы өркендеп келеді.

Серіктес жаңалықтары