×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Оңтүстікте – аптап ыстық, солтүстікте – жаңбыр: 29 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 18:45
Оңтүстікте – аптап ыстық, солтүстікте – жаңбыр: 29 маусымға арналған ауа райы болжамы
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мамандары 29 маусым күні Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСТАНА

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күн бұлтты әрі жаңбырлы болады. Кей уақыттарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні –  9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +13…+15°, күндіз +20…+22° болады.

АЛМАТЫ

Түнде бұлтты, жаңбыр мен найзағай. Күндіз жауын-шашын болмайды, бірақ бұлт сақталады. Жел батыстан соғады, екіпін –  3-8 м/с, түнде 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +17…+19°, күндіз ауа температурасы +30…+32°-қа дейін көтеріледі.

ШЫМКЕНТ

Аймақта бұлтты, бірақ күн жауын-шашынсыз болады. Жел – солтүстік-батыстан, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +16…+18°, ал күндіз +31…+33° ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары