×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Қазақстандық екі полицей қызмет бабында қаза тапты

Бүгін, 09:18
Қазақстандық екі полицей қызмет бабында қаза тапты
ашық дереккөз

Жетісу облысында екі полицей қызмет бабында қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жетісу облысында полиция майоры Арнұр Алханов пен аға лейтенант Шыңғыс Әсілбеков қызмет барысында қайғылы жағдайда көз жұмды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар қызмет атқарып жүрген сәтте жол апатына ұшыраған.

Ішкі істер министрі Ержан С2денов марқұмдардың отбасылары мен әріптестеріне көңіл айтты.

— Олардың есімі жадымызда мәңгі сақталады. Министрлік отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді, — деді ол.

Министрліктің ақпараты бойынша, қаза тапқандардың жақындарына материалдық көмек беріледі.

Жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсіп, “қалыңдық” мерт болған еді.

Серіктес жаңалықтары