×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Алматыда жоғалып кеткен 70 жастағы әйел өлі күйінде табылды

Бүгін, 11:49
Алматыда жоғалып кеткен 70 жастағы әйел өлі күйінде табылды
instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 70 жастағы әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Lider.kz еріктілер ұйымының мәліметінше, 1954 жылы туған Галина Коновалова 24 маусым күні сағат 17:00 шамасында “Дружба” бау-бақша өндірістік кооперативі ауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған.

Хабарландыруда оның бағыт-бағдарды ажырата алмайтыны және есте сақтау қабілетінде проблемасы бары айтылған.

Жоғалған әйелдің денесі 28 маусымда табылды. Өлімнің себебі нақтыланбаған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 69 жастағы нефролог-дәрігер жоғалып кеткенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары