×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Ресей Украинаға зымыран және дрондармен шабуыл жасады: ұшқыш қаза тапты, зардап шеккендер бар

Бүгін, 14:28
Ресей Украинаға зымыран және дрондармен шабуыл жасады: ұшқыш қаза тапты, зардап шеккендер бар
t.me/cherkaskaODA

29 маусымға қараған түні Ресей қарулы күштері Украина аумағына біріктірілген әуе шабуылын жасады — соққы жасау үшін зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылған. Бұл туралы Украина Әуе күштері мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Украина тарапының мәліметінше, шабуыл Ту-95МС бомбалаушы ұшақтары мен МиГ-31К жойғыш ұшақтарымен жасалған. Олар Ресейдің Нижегород облысындағы Саваслейка және Коль түбегіндегі Оленья әуе базаларынан ұшқан. Ел аумағында 500-ден астам әуе нысанасына соққы жасалды. Шабуылға ұшыраған өңірлер қатарында Тернополь, Чернигов, Полтава, Киев, Днепропетровск, Одесса және Харьков облыстары бар.

ҚҰРБАНДАР

Шабуылды тойтару кезінде Украина әуе күштерінің ұшқышы, 1993 жылы туған подполковник Максим Устименко қаза тапты. Ол бірінші сыныпты әскери ұшқыш, F-16 ұшағын басқарған. Әскери мәлімет бойынша, ол жеті әуе нысанасын атып түсірген. Алайда соңғы шабуыл кезінде оның ұшағы зақымданып, ол елді мекенге жетпей ұшақты басқа жаққа бұрып үлгерген. Бірақ катапультпен секіріп шығуға үлгермеген.

Львов облысында маңызды инфрақұрылым нысандары жаппай соққыға ұшырағаны туралы облыс басшысы Максим Козицкий мәлімдеді.

Ал Черкас облысындағы Смела қаласында тұрғын үйлерге тікелей соққы жасалып, алты адам жарақат алды. Олардың ішінде бір бала бар. Үш көпқабатты үй мен тамақ технологиялары техникумының ғимараты бүлінген.

Еске салайық, бұған дейін Одесса қаласындағы тұрғын үйге ресейлік дронмен жасалған шабуылдан екі адам қаза тауып, кемінде 14 адам жарақат алған еді.

Серіктес жаңалықтары