×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Дүйсенбіде елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін, 19:02
Дүйсенбіде елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 30 маусымда Алматыда, Астанада, Шымкентте және 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Түнде облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, күндіз найзағай, облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

Астанада найзағай ойнайды.

Абай облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары