×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты іс сотқа түскен

Бүгін, 11:01
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты іс сотқа түскен
Ulysmedia.kz коллажы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Атырау мұнай өңдеу зауытын жекешелендіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Омаровтың сөзінше, қазіргі уақытта заң бойынша тергеу жүріп, ақталған. 

- Әріптестерімізге қатысты сұрақтарымыз бар. Бірақ қоғамда жекешелендіру керек не керек емес деген пікірлер бар. Біз заң аясында жұмыс істейміз. Бұзушылықтар бар. Оны анықтадық. Қазір бүкіл процесс сотта. Қазір тергеу аяқталды. Бұл АМӨЗ-ге қатысты. Іс материалдары сотта, дейді Омаров. 

Омаров іс не үшін сотқа кеткенін түсіндірді. 

- Монополия, бағаның қымбат болуына байланысты іс сотта, дейді агенттік төрағасы. 

АТЫРАУ МӨЗ ЖАЙЛЫ 

Ulysmedia.kz жариялаған мақала қоғамда біраз дүрбелең тудырды. Біз бұл мәселе бойынша энергетика министрлігіне сұрау салған едік, алайда олар ресми жауап беруден бас тартқан болатын. Тек ресейлік «Татнефть» Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесінен үміткерлердің бірі екенін растаған. 

Бұған дейін ҚазМұнайГаз өкілдері зауыттың сатылуы бойынша келіссөздер жүріп жатқанын жоққа шығармаған еді. Бірақ әлеуетті сатып алушылар қатарында тек «Татнефть» қана емес, басқалар да бар екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары