2025–2026 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсановтың басшылығымен және еншілес, тәуелді кәсіпорындардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгінгі күні газ тарату жүйелерінің жалпы дайындығы 52%-ды құрайды. Газ реттегіш пункттердің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жоспарланған көлемнің 46%-ы орындалды. Шкафтық және блокты реттегіш пункттердің ағымдағы жөндеуі 47%-ға орындалды. Ауыстыру құрылғыларын техникалық қызмет көрсету – 58%, электрохимиялық қорғау құралдарының ағымдағы жөндеуі – 56%. Газ құбырларын аспаптық тексеру 42%-ға орындалды.
72,2 мың шақырым газ тарату желілері мен құрылымдарының үздіксіз және қауіпсіз жұмысын 4 064 өндірістік персонал қызметкері қамтамасыз етеді. Барлық қызметкерлер арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, магистральды газ құбырларының желілік бөлігінде 367 ақауды жойып, күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, олардың 284-і «Орта Азия – Орталық» МГҚ-да жойылды. Жұмыс жоспары күрделі және ағымдағы жөндеуді, сондай-ақ нысандарды модернизациялауды қамтиды. Атап айтқанда:
Жыл сайынғы жылыту маусымына дайындық шараларынан бөлек, 2025 жылы апаттық жағдайларды төмендету, оқыс оқиғаларды болдырмау, көміртегі тотығымен улану жағдайларын және газ қысымының төмен болу себептерін жою бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін қосымша қаражат бөлінді. Бұл шаралар жүйенің сенімділігін арттыруға және күзгі-қысқы кезеңнің қолайлы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.