×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Бүгін, 17:06
Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
Коллаж: ulysmedia.kz

Экс әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты. 

- Марат Бекетаев мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу дерегі бойынша тіркелді. Тергеу “құпия” белгісімен жүргендіктен барлық іс материалдары жария етуге жатпайды, дейді Данияр Бекайдаров. 

Қылмыстық іс 3 наурызда сотқа жолданған болатын.

МАРАТ БЕКЕТАЕВ 

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады. Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды.

Серіктес жаңалықтары