×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Қарағандылық белсендінің үйін полиция тінтіп, өзін алып кеткен

Бүгін, 08:15
Қарағандылық белсендінің үйін полиция тінтіп, өзін алып кеткен
Фото: Ашық дереккөзден

30 маусым күні қарағандылық белсенді Бақытжан Жансейітовтың үйіне полиция тінту жүргізіп, артынша белсендіні алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бақытжан Жансейітовтің зайыбы Думан Нөгербекова полицияның тінтуді не үшін жүргізіп, не іздегендерін білмейді. Ол бұл жөнінде әлеуметтік желіде тараған видеода айтты.

– Олар келген кезде балалар ұйықтап жатқан, оларды шошытып, үйді астан-кестеңін шығарып тінту жүргізді, не іздегенін білмейміз, өздері айтпады, әйтеуір телефондарымызды, флешкаларды – бәрін алып кетті. Телефонымды қызым ұстап тұрған, әлгілердің біреуі оның қолынан телефонды жұлып алды. Жұртқа жарияламау туралы бір қағазға қол қойғызды, оның не екенін де білмейміз, – деді Нөгербекова.

Ол жұбайын билік өкілдері саяси көзқарасына бола ұстап әкетті деп есептейді.

22 мамырда Қарағанды соты Бақытжан Жансейітовті 15 күнге әкімшілік қамауға алған. Сот шешімінде «31 мамырда Қарағандының орталық саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шеруге қатысуға үгіттеген» деп жазылған. Жансейітов өзіне тағылған айыпты мойындамаған және өзінің аккаунты бұзылғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары