×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Руслан Омаровтың ұсталғаны рас па

Бүгін, 13:50
Руслан Омаровтың ұсталғаны рас па
Фото: forbes.kz

"Бірінші кредиттік бюро" (БКБ) ұйымы бас директоры Руслан Омаровқа қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

LS басылымы БКБ-ның ресми түсініктемесін келтіреді:

– Руслан Омаровқа қатысты уәкілетті органдар аясында тексеру шаралары жүргізілуде. "Бірінші кредиттік бюро" қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді қаржы ұйымы.

Айта кетейік, Руслан Омаров – БКБ бас директоры қызметін атқарады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бұрынғы вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың ұсталғаны хабарланған еді. Ол биыл сәуір айынан бері "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның президенті қызметін атқарған.

Журналист Михаил Козачков жеке дереккөздеріне сілтеме жасап, Омаров пен Сарбасовтың қазақстандықтардың жеке деректерін сату ісі бойынша тергеу аясында ұсталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары