×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

«Росатом» санкцияға байланысты Түркия АЭС-індегі үлесін сатпақшы

02.07.2025, 14:22
«Росатом» санкцияға байланысты Түркия АЭС-індегі үлесін сатпақшы
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда атом электр станциясын салады деген Ресейдің «Росатом» компаниясы санкцияға барланысты Түркиядағы «Аккую» АЭС-індегі үлесін сатқалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Росатом» компаниясы ресейлік ТАСС агенттігінің «Аккую» станциясындағы 49 пайыз үлесін сатуға байланысты келіссөздер жүріп жатқанын растаған.

«Аккую» АЭС жобасындағы 49 пайыздық үлесті сату 2010 жылы жасалған жобаны іске асыру туралы үкіметаралық келісімде көрсетілген. Келіссөздер процесі жалғасып жатыр. Біз ықтимал серіктестермен, соның ішінде түрік компанияларымен талқылау өткізіп жатырмыз. Үкіметаралық келісімнің шарттары бойынша серіктестерді таңдау мәселесінде түрік тарапымен келісу міндеттелген, – деген «Росатом» компаниясы ТАСС-қа берген жауабында.

Санкция әсері

Бұған дейін америкалық Bloomberg басылымы «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Түркияда салынып жатқан құны 25 миллиард долларды құрайтын атом электр станциясындағы 49 пайыз үлесін сату бойынша түрік және шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізіп жатқанын жазған. «Аккую нуклеар» (Росатомның жобасы) директорлар кеңесінің директоры Антон Детусенконың сөзінше, банктердің АҚШ санкциясынан қорқуына байланысты жоба қаржыландырудың кешігуі және өзге де проблемаларға тап болған.

«Росатомды» таңдағын Қазақстан және қарсылық

Қазақстан үкіметі «Росатом» компаниясын елде салынатын алғашқы атом электр станциясын салатын халықаралық консорциум көшбасшысы деп таныған. Билік «Росатом» ең тиімді ұсыныс жасағанын айтқан. Тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері АЭС-ті Ресей компаниясының салуы Қазақстанды Мәскеуге тәуелді етеді деп алаңдайды.

Серіктес жаңалықтары