×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

ҚТЖ-ға жаңа басшы келді

Бүгін, 11:19
ҚТЖ-ға жаңа басшы келді
Ulysmedia.kz коллажы

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұжымға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін компания басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Алдыбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол Алматы теміржол инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген. Сонымен қатар, Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында экономика магистрі дәрежесін (қызыл диплом) және экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

Ол еңбек жолын жұмысшы болып бастап, жоғары басшылық лауазымдарға дейін көтерілген:

1992–1998 жылдары Батыс Қазақстан темір жолында жұмыс істеген: тауар кассирі, жүк пен багаж қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол ревизоры қызметтерін атқарған.

1998–2007 жылдары: «Қазақстан темір жолы» РМК құрамындағы «Фирмалық тасымалдау қызметі орталығы» Ақтөбе филиалының басшысы, «Казтранссервис» кәсіпорнының директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ-тың көлік логистикасы департаментінің директоры болған.

2008–2019 жылдары: «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2024 жылдан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары