×
519.57
612.78
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.57
612.78
6.61

«Прогресс жоқ»: Трамп пен Путин телефонмен сөйлесті

Бүгін, 09:42
«Прогресс жоқ»: Трамп пен Путин телефонмен сөйлесті
Фото : AP Photo/House Select Committee, РИА Новости/Алексей Дружинин

АҚШ президенті Дональд Трмап Ресей басшысы Владимир Путинмен  сөйлесуде «прогресс жоқ» деп  мәлімдеді. Қаңтардан бері тараптар осымен алтыншы рет телефон арқылы тілдесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамптың мәлімдемесі

Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға байланысты келіссөзде Владимир Путин позициясында ешқандай алға ілгерлеу жоқ деді. Ол бұл жөнінде 3 шілдеде Вашингтон іргесіндегі Эндрюс әскери базасында өткен журналистермен кездесуде айтты.  

– Бұл айтарлықтай өте ұзақ әңгіме болды. Біз көптеген нәрселер туралы, соны ішінде Иран және Украинадағы соғыс туралы сөйлестік. Онымен сөйлесуде ешқандай прогреске қол жеткізген жоқпын, – деді Трамп.

Кремль хабары

Кремль Путин мен Трамп телефонмен бір сағат сөйлесті деп хабарлады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков «тараптар Сирия, Иран, Таяу Шығыс туралы сөйлесті деп мәлімдеді. Президенттердің жеке кездесуі туралы әңгіме болмаған. Бірақ Ушаков ол мәселе әлі де өзекті екенін айтты.

Киев дайындығы

Ұлыбританиялық Financial Times газетінің хабарлауынша, 4 шілдеде Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлеседі. AFP агенттігінің Украина билігіндегі дереккөздері Киевте бұл қоңырауға «дайындық жүріп жатқанын» растады.

Серіктес жаңалықтары