Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
АНЫҚТАМА
Алжирдің Тәуелсіздік күні Эвиан келісімдеріне қол қойылып, 1962 жылғы 5 шілдеде тәуелсіздік жарияланғаннан кейін ресми түрде белгіленді. Бұл күн Францияның 132 жылға созылған отарлық билігінің аяқталғанын білдіреді. Мереке – Алжир халқының азаттық соғысындағы жеңісінің белгісі ретінде мемлекеттік деңгейде бекітілді.