×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Тоқаев бірнеше елдегі елшіні қызметінен босатты

Бүгін, 10:25
Тоқаев бірнеше елдегі елшіні қызметінен босатты
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі елшіні қызметінен босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Оның орнына Роман Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Азамат Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Тоқаев Ержан Елекеевті Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындады.

Еске салайық, бұған дейін Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлаған едік. 

Ол бұған дейін атқарған Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары