×
538.57
629.48
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.57
629.48
6.71

Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

05.07.2025, 17:03
Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

– Сондай-ақ Мемлекет басшысы тұңғыш президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

АНЫҚТАМА

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Экс-президенттің туған күні – 6 шілде Астана күнімен тұспа-тұс келеді.

Назарбаев 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланып, елді 2019 жылға дейін басқарды. 

Серіктес жаңалықтары