China Eastern Airlines Шанхайдан Алматыға тікелей рейс ашты. Енді рейстер аптасына үш рет орындалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қытайдың China Eastern Airlines әуе компаниясы Шанхайдан Алматыға алғашқы рейсін орындады.
– Рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Рейстер Airbus A321Neo ұшағымен жүзеге асырылады. Бұл – China Eastern Airlines компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағыты, – деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Алматының Бейжің, Гуанчжоу, Сиань, Үрімші, Құлжа, Ханчжоу және Санья сияқты Қытай қалаларымен әуе қатынасы бар.
Статистикаға сәйкес, былтыр Алматыға Қытайдан 99 мың турист келген. Ал биыл тек бірінші тоқсанда олардың саны 20,9 мыңға жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 40% артқан.