×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Бүгін, 09:40
Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты
Видеодан алынған кадр

Балқашқа бағыт алған жеңіл көлік жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскесіне шығып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

5 шілде күні Kia Sedona көлігінің жүргізушісі алдын ала мәлімет бойынша, жол белгілеріне назар аудармай, қарсы бағыттағы көлікті басып озуға тырысқан. Соның салдарынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол бөлігіне шығып, одан кейін жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Осыдан кейін көлік өртеніп кеткен.

ҚҰРБАНДАР МЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан көліктегі жеті жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЕРГЕУ

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсіп, “қалыңдық” мерт болған еді.

Серіктес жаңалықтары