Қазақстан астанасында мерекелік концерт кезінде “Астана Арена” маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
6 шілде күні Астанда орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен ашық аспан астындағы (OPEN AIR) мерекелік концерт өтеді. Концерт 18:00-де “Астана Арена” стадионы аумағында басталады.
— Концерт қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Астана Арена” стадионы маңында, атап айтқанда “Алау” мұз сарайы мен “Сарыарқа” велотрегі жағынан көлік қозғалысы шектеледі, — деп хабарлады әкімдік.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Астана күні аталып өтіліп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды құттықтап, Астананы “Орталық Еуразияның жауһары” деп атады.